джучидский летописец

@notehistkz · Kazakh · active

Subscribers 2K Subscribers, last 30 days: 2K → 2K +0 24h
Reach per post (ERR) 34.2%702 avg views
Posting 4.8/day last 7 hours ago
Reactions per 1K views 32.2 👍 ❤ 🔥

Талапкер Уалиев: Бүгін студенттермен сабақ қызық өтті. Қалай ойлайсыздар, 15 жасар боксшы әлемдік бокс жұлдыздарын бәрін біле ме, олардың жек пе жектерін қайталап көре ме, олардың бокс стиліне еліктей ме деп сұрадым. "Иә, иә біледі" деп жауап қатты көпшілігі. Ендеше тарихты қалай білесіздер соны көрейік дедім. Студенттерге сендер 3 курста оқисыздар, әдетте осы кезде студенттер өздерінің болашақ ғылыми зерттеу бағыттарының контуры, сұлбасы көрініп жатады. Сүйікті кітаптар (ғылыми еңбектер), авторлар тізімі де қалыптасып, жаңа авторлармен толығып жатады. Ендеше маған сүйікті тарихшыларыңызды атаңыздар деп сұрадым. Студенттер мұндай сұрақты күтпеген болу керек, түрлері кішкене бұзылып кетті. Бірақ, студенттер деген тапқыр халық қой, арасында кейбіреулері неумело хитрить ете бастады. Парталардың арасынан "Ш. Уәлиханов", "Әлкей Марғұлан" деген жауаптар келе бастады. Әрине, арасында одан да бетер неубедительный әрі сәтсіз, тіпті күлкілі жауаптар да болды: "Геродот", "Ілияс Есенберлин", "Елдос Тоқтарбай", "Ахмет Байтұрсынұлы", "Олжас Сулейменов". Сосын гуглды қарай бастады білем, "Гумилев, Гумилев" деп жарыса айта бастады. Бір оқымысты бала "Жак Ле Гофф" деп жауап берді. Қасында жақындадым да сұрастырғым келді, .. қинамайын деп шештім. Жоқ, балапандар, бұларың өтпеді, қазіргі отандық тарихышларды атаңыз дедім. Бұл жерде Парето қағидасына (80/20) сай студенттердің басым көпшілігі беріліп, үнсіз қалды. Үміт қалған 20 пайызда еді. Жауаптар: "Тайыр Султанов" (ресейлік болса да қабылдадым), "Сұлтан Әкімбеков", "Мәмбет Қойгелдиев", "Ханкелді Абжанов", "Жақсылық Сабитов", "Радик Темиргалиев". Ал "Жак Ле Гофф" туралы айтқан оқымысты студент "Әділбек Қаратаев" деді. ...

Views over time

020040060010 Nov 18:3813 Nov 00:5653910 Nov 18:38: 0 views12 Nov 06:18: 443 views13 Nov 00:56: 539 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
10 Nov 2026, 18:380
12 Nov 2026, 06:18443
13 Nov 2026, 00:56539

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.