джучидский летописец

@notehistkz · Kazakh · active

Subscribers 2K Subscribers, last 30 days: 2K → 2K +0 24h
Reach per post (ERR) 34.2%702 avg views
Posting 4.8/day last 7 hours ago
Reactions per 1K views 32.2 👍 ❤ 🔥
repost from Aqorda 🇰🇿

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым» «Сонау 1989 жылы іргесі қаланған ұйымның Егемен ел тарихындағы орны бөлек. Кезінде көрнекті ғалымдар – академиктер Әбдуәли Қайдар және Өмірзақ Айтбайұлының бастамасымен құрылған «Қазақ тілі» қоғамының тарихи жолын қазіргі буын өкілдері мен белгілі тіл мамандары лайықты жалғастырып келе жатыр. Бүгінде Ұйым мүшелері көптеген тиімді іс-шараларды, жасампаз жобаларды табысты жүзеге асыруда. Мен Мемлекет басшысы ретінде «Қазақ тілі» қоғамының әр мүшесіне шынайы ризашылығымды білдіремін. Заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Тіл мерейі – ел мерейі» деген қысқа-нұсқа, мағынасы терең сөзі бар. Тіл – баршамызға ортақ құндылық. Тіл – Алланың құдіретінің арқасында адамдарға берілген үлкен сый әрі мүмкіндік. Тіл – адамзаттың негізгі жетістігі. Адам баласының ойдағыдай дамуының ең басты себебі де – тіл. Біз өркениетті ел ретінде ана тіліміз – қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін бір ел болып табанды жұмыс істеуіміз керек. Бүгінгі жиынның басты мақсат-міндеті де – осы». t.me/aqorda_resmi

Views over time

020040060010 Nov 13:1313 Nov 00:5646410 Nov 13:13: 0 views12 Nov 06:18: 401 views13 Nov 00:56: 464 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
10 Nov 2026, 13:130
12 Nov 2026, 06:18401
13 Nov 2026, 00:56464

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.