джучидский летописец

@notehistkz · Kazakh · active

Subscribers 2K Subscribers, last 30 days: 2K → 2K +0 24h
Reach per post (ERR) 34.2%701 avg views
Posting 4.9/day last 14 hours ago
Reactions per 1K views 32.9 👍 ❤ 🔥

Қазақтың кейбір тайпалары бір кезде Батыс Қазақстанда немесе одан да батыста көшіп-қонып жүрген десе, неге екені белгісіз, бірден «бұлар ноғай тайпалары болған» деп шыға келеді. Бірақ тарихшылар кейде Қазақ хандығының батысында тек Ноғай Ордасы ғана болмағанын ұмытып кететін сияқты. Ол жақта Үлкен Орда, яғни Тахт елі де болды, Қырым хандығы да болды, Қазан хандығы да болды, Кавказдағы Түмен ұлысы да болды. Оның үстіне қазақтардан батысқа және солтүстік-батысқа қарай Шибан әулетінің оңтүстік және солтүстік ұлыстарына қараған тайпалар да көшіп жүрген. Әрине, кейбір қазақ тайпаларының тарихында «ноғай кезеңі» болғанын жоққа шығармаймын. Бірақ ол кезең сол тайпаның бүкіл батыстағы тарихын білдірмейді. Ноғай кезеңі Тұқа-Темір әулетіне қараған бір кезең мен Шибан әулетіне қараған басқа кезеңнің арасындағы өткінші уақыт болуы да мүмкін. Түптеп келгенде, бұлардың бәрі көшпелі жұрт қой. Олардың бастапқы ортақ мекені де бір — Қырымнан Ертіске дейін, Қазаннан Жетісуға дейін созылған алып Жошы ұлысы. Сондықтан белгілі бір қазақ тайпасының бір кездері батыста жүргенін көре сала, оны бірден «ноғай тайпасы» деп атау тым қарапайым түсіндіру сияқты. Ол тайпа әр кезеңде әртүрлі ханның, әртүрлі ұлыстың құрамында жүруі әбден мүмкін.

Views over time

02004006008006 Sep 09:0812 Nov 06:187126 Sep 09:08: 0 views12 Nov 06:18: 712 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
6 Sep 2026, 09:080
12 Nov 2026, 06:18712

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.