ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔

@modgovkz · news · Kazakh · slowing

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Министерство обороны Республики Казахстан Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan 🔹 Сайт https://mod.gov.kz/ 🔹Instagram https://instagram.com/modgovkz 🔹x.com https://x.com/modgovkz

Subscribers 13.4K Subscribers, last 30 days: 13.4K → 13.4K +0 24h
Reach per post (ERR) 16.2%2.2K avg views
Posting 1.8/day last 16 hours ago
Reactions per 1K views 16.2 👍 ❤ 🔥
  1. +3

    🇰🇿 Алматыда БҰҰ бітімгерлеріне арналған халықаралық курс өтіп жатыр Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында «БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер» атты бес күндік халықаралық курс өтіп жатыр. Курсқа қатысушылар қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстар кезіндегі бейбіт тұрғындарды қорғау ерекшеліктерін, соның ішінде әйелдер, балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуде. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» жөніндегі 1325 қарарын іске асыруға, әйелдердің бітімгерлік қызметтегі рөліне ерекше назар аударылып отыр. 🇰🇿 В Алматы проходит международный курс для миротворцев ООН В Центре миротворческих операций Министерства обороны в Алматы проходит пятидневный международный курс «Гендерные аспекты в миротворческих операциях ООН». Участники изучают особенности защиты гражданского населения в условиях вооруженных конфликтов и гуманитарных кризисов, включая вопросы безопасности женщин, детей и пожилых людей. Отдельное внимание уделяется реализации резолюции 1325 Совета Безопасности ООН «Женщины, мир и безопасность» и роли женщин в миротворческой деятельности. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  2. edited

    🪖Сарбаз күнделігі Қатардағы жауынгер Әли Иманбек 35748 әскери бөліміндегі бір күнін кезекшінің көзімен көрсетті. Лайв форматта тәуліктік кезекшіліктің барысы, сарбаздың күнделікті қызметі мен әскери тәртібі таныстырылады. Әрбір міндет – жоғары жауапкершілік пен мұқияттылықты талап етеді. Сарбаздың бір күніне бірге көз жүгіртейік! 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  3. +1

    🇰🇿 Сапер бөлімшелерінің командирлері оқу-жаттығу жиынынан өтті Қонаев гарнизонының Миналарды залалсыздандыру орталығында минадан тазарту міндеттерін орындайтын инженерлік әскерлер бөлімшелерінің командирлерімен оқу-жаттығу жиыны өтті. 🇰🇿 Командиры саперных подразделений прошли сборы На базе Центра разминирования Конаевского гарнизона прошли сборы с командирами подразделений инженерных войск, выполняющими задачи по разминированию. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  4. 🪖 Құрлық әскерлерінің әскери ӘШҚҚ кәсіби мерекесін атап өтуде 24 тамызда Қарулы күштердің Құрлық әскерлері құрамындағы әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің әскери қызметшілері кәсіби мерекесін атап өтуде. Әскери ӘШҚҚ әскерлерінің құрылған күні Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 25 ақпандағы бұйрығымен бекітілді. 🪖 Войсковая ПВО Сухопутных войск отмечает профессиональный день 24 августа профессиональный праздник отмечают военнослужащие подразделений войсковой противовоздушной обороны Сухопутных войск Вооруженных сил. Дата образования войсковой ПВО утверждена приказом министра обороны от 25 февраля 2026 года. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  5. 🇰🇿 Әскери оқытылған резерв сарбаздары әскери ант қабылдады ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектеп» РМКК Өскемен филиалында әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша білім алған 43 тәрбиеленуші салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсім Өскемен қаласындағы «Жеңіс» мемориалының Мәңгілік алауы жанында өтті. Резерв курсанттары Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, әскери тәртіп пен жауынгерлік дәстүрлерді қастерлеуге ант берді. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  6. +2

    🏆«Язык – опора единства»: определены победители конкурса среди военнослужащих В Министерстве обороны подвели итоги конкурса среди военнослужащих «Тіл – татулық тірегі», посвящённого Дню языков народа Казахстана. По итогам конкурса первое место заняла команда «Тәртіп сақшылары», которой вручили сертификат на 1 миллион тенге. Второе место и сертификат на 750 тысяч тенге получила команда «Айбынды қырандар». Третье место заняла команда «Семсер», награждённая сертификатом на 500 тысяч тенге. Остальные участники также не остались без внимания. Все команды были отмечены грамотами и благодарственными письмами Министерства обороны. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  7. +3

    🏆 «Тіл – татулық тірегі»: әскери қызметшілер арасында өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен қазақ тілі білгірлерінің сайысы Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасындағы тіл айлығының шешуші кезеңі болды. Байқау қорытындысы бойынша «Тәртіп сақшылары» командасы жеңіс тұғырынан көрініп, 1 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал екінші орынды иеленген «Айбынды қырандар» командасына 750 мың, үшінші орын алған «Семсер» командасына 500 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Басқа командалар да назардан тыс қалған жоқ. Барлығы Қорғаныс министрінің грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  8. +1

    🇰🇿 Астанада Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының жаңа ғимараты ашылды Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Орталық мұрағат 1997 жылы құрылған. Келер жылы оған 30 жыл толады. Бүгінде мұрағат қорында шамамен 27 миллион құжат сақтаулы, оның 128 мыңнан астамы цифрландырылған. Мұрағат материалдарында әскери құрылыс тарихы, Қарулы күштердің дамуы және Отан қорғаушылардың бірнеше буынының әскери қызметі сақталған. – Әскери-тарихи мұраны сақтау – бүгінгі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әрбір құжат әскер мен ел тарихының бір бөлігі. Мұндай заманауи жағдайлар тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, оларға болашақта да қолжетімді болуға мүмкіндік береді, – деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов. 🇰🇿 В Астане открыли новое здание Центрального архива Министерства обороны Министр обороны генерал-лейтенант авиации Даурен Косанов принял участие в открытии нового здания Центрального архива Министерства обороны. Центральный архив был образован в 1997 году. В следующем году ему исполнится 30 лет. Сегодня в его фондах хранится около 27 млн документов, из которых более 128 тыс. уже оцифрованы. Архивные материалы отражают историю военного строительства, развитие Вооруженных сил и службу нескольких поколений защитников Отечества. – Сохранение военно-исторического наследия – это ответственность перед нынешним и будущими поколениями. Каждый документ хранит часть истории нашей армии и страны. Создание современных условий для его сохранности позволит обеспечить доступ к этому наследию и в дальнейшем, – отметил министр обороны генерал-лейтенант авиации Даурен Косанов. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  9. edited

    🇰🇿 Ел болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады! Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 700-ден астам курсанты мен сарбазы Құрылтай сайлауына қатысып, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты. Жас әскери қызметшілер сайлау учаскелеріне барып, елдің қоғамдық-саяси өміріне өз үлестерін қосты. Бұл – Отанға қызмет етумен қатар, азаматтық жауапкершілікті де жоғары қоятын әскери жастардың айқын ұстанымы. 🇰🇿 Отанға қызмет – азаматтық жауапкершіліктен басталады! 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  10. edited

    🖊️ 44859 және 19033 әскери бөлімдерінде қызмет ететін және іссапармен келген әскери қызметшілер бүгінгі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Сарбаздар мен офицерлер таңертеңнен сайлау учаскелеріне ұйымдасқан түрде барып, дауыс берді. Әскери қызметшілер осылайша белсенділігі мен азаматтық ұстанымдарын көрсетті. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  11. Older posts