ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔

@modgovkz · news · Kazakh · slowing

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Министерство обороны Республики Казахстан Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan 🔹 Сайт https://mod.gov.kz/ 🔹Instagram https://instagram.com/modgovkz 🔹x.com https://x.com/modgovkz

Subscribers 13.4K Subscribers, last 30 days: 13.4K → 13.4K +0 24h
Reach per post (ERR) 16.2%2.2K avg views
Posting 1.8/day last 17 hours ago
Reactions per 1K views 16.2 👍 ❤ 🔥
  1. edited

    ✈️ Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында білім алып жатқан курсанттар мен сарбаздар Құрылтай сайлауына белсенді қатысты. 500-ден астам жас сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық ұстанымын білдірді. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  2. edited

    🖊️ Гвардейск гарнизонында әскери қызмет атқарып жүрген егіздер — Александр мен Арсений Зайцевтар, Нұрбол мен Айбол Ұлдахандар сайлауға қатысып, азаматтық таңдауларын жасады. Бірге қызмет етіп жүрген егіздер үшін бұл күн азаматтық жауапкершілігін танытып, ел болашағына өз үлесін қосқан маңызды сәт болды. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  3. edited

    🥳 Туған күніндерін сайлаудан бастады Бүгін 68665 әскери бөлімінің сарбаздары Ерасыл Төлеген мен Арлан Тілеубековтің туған күні. Туған күн иелері айтулы күнін Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасаудан бастады. Сарбаздарға зор денсаулық, отбасыларына амандық және Отан алдындағы қызметтеріне сәттілік тілейміз! 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  4. edited

    ✅ Шымкент қаласындағы №131 ашық сайлау учаскесінде 35748 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген 265 сарбаз дауыс берді. Солардың қатарындағы қатардағы жауынгер Али ИМАНБЕК үшін бұл күн ерекше маңызға ие, себебі әскери қызмет барысында алғаш рет дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік алды. – Мен үшін бүгінгі күн ерекше маңызды. Себебі алғаш рет дауыс беру арқылы ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға өз үлесімді қосып, азаматтық ұстанымымды білдіруге мүмкіндік алдым. Дауыс беру – әр азаматқа берілген үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерге бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау мен үшін үлкен мәнге ие. Қазіргі таңда әскери қызмет атқарып жүргендіктен, Отан алдындағы борышымды өтеумен қатар, азаматтық міндетімді де орындағаныма қуаныштымын, – деді қатардағы жауынгер Али ИМАНБЕК. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  5. edited

    🖊️ 35748 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбазы, қатардағы жауынгер Мейрбек Сапарбаев әскер қатарында жүргеніне төрт ай болды. Бүгін ол өмірінде алғаш рет дауыс беріп, Қазақстан Республикасындағы «Құрылтай» депутаттарын сайлауға қатысты. Сарбаз үшін бұл – әскери міндетін атқарумен қатар, азаматтық жауапкершілігін сезініп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға өз таңдауымен үлес қосқан ерекше күн. Алғаш рет дауыс берген Мейрбек Сапарбаев өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін көрсетті. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  6. +5

    🖊️ 130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 130 мыңға жуық әскери қызметшісі мен олардың отбасы мүшелері еліміздің жаңа бір палаталы Парламенті – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысты. 🖊️ Около 130 тысяч военнослужащих и членов их семей приняли участие в выборах в Курултай В Вооруженных силах около 130 тысяч военнослужащих и членов их семей приняли участие в первых выборах депутатов нового однопалатного Парламента страны – Курултая. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  7. edited

    🖊️ 18386 әскери бөлімінің сарбаздары Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысты. Сарбаздардың басым көпшілігі алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  8. edited

    Алғашқы дауыс — тарихи сәт 23 тамыз — маңызды күн. Батыс өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің қызметшілері де өз азаматтық таңдауын жасап, маңызды науқанға қатысты. 41321 әскери бөлімінің 18 жастағы қатардағы жауынгері Байкөл Аңсар алғаш рет сайлауға қатысып, өз дауысын берді. «Алғаш рет дауыс беруді өз азаматтық борышым деп санаймын. Бұл — мен үшін тарихи күн», — дейді жас сарбаз. Әр дауыс — ел болашағына жасалған таңдау. Ал алғашқы дауыс — есте қалар ерекше сәт. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  9. 🇰🇿 Қорғаныс министрі Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Астанада сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Оның құрамына бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады. Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері елдің толыққанды азаматтары екенін және әрқайсысы мемлекеттің болашағын айқындауға өз үлесін қоса алатынын атап өтті. Дауыс беруге шамамен 130 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысуда. Әскери бөлімдер мен мекемелер аумағында 25 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Әскери бөлімдерде дауыс беруді ұйымдастыру әскери қызметшілерге белгіленген тәртіп пен заң талаптарын сақтай отырып, сайлауға қатысуға мүмкіндік береді. 🇰🇿 Министр обороны одним из первых проголосовал на выборах в Курултай В Астане одним из первых на избирательном участке проголосовал министр обороны генерал-лейтенант авиации Даурен Косанов. 23 августа в Казахстане проходят первые выборы депутатов Курултая – нового однопалатного Парламента страны. В его состав войдут 145 депутатов сроком на пять лет. Генерал-лейтенант авиации Даурен Косанов отметил, что военнослужащие и члены их семей являются полноправными гражданами страны и каждый вносит свой вклад в определение будущего нашего государства. В голосовании принимают участие около 130 тыс. военнослужащих и членов их семей. На территории воинских частей и учреждений организовано 25 закрытых избирательных участков. Организация голосования в воинских частях позволяет военнослужащим принять участие в выборах с соблюдением установленного порядка и требований законодательства. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  10. +1

    🇰🇿 Әскери-тарихи музей алғаш рет археологиялық экспедицияға қатысты Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі алғаш рет археологиялық экспедиция жұмысына қатысты. Зерттеу жұмыстары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, Тарбағатайдың солтүстік беткейіндегі элиталық сақ қорғандарын кешенді зерттеуге бағытталған ғылыми жоба аясында жүргізілді. 🇰🇿 Военно-исторический музей впервые принял участие в археологической экспедиции Военно-исторический музей Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил впервые принял участие в археологической экспедиции. Исследования проводились совместно с Евразийским национальным университетом имени Л.Н. Гумилева в рамках научного проекта по комплексному изучению элитарных сакских курганов северного склона Тарбагатая. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  11. +1

    🇰🇿 Егіз ұлдарын әскерге шығарып салған ана олардың таңдауын мақтан тұтады Шолпан Тілеубаева үшін биыл ұлдарын әскерге шығарып салу екі есе толқынысқа толы болды. Егіздері Айбол мен Нұрбол мектеп бітірген соң бірден жоғары оқу орнына түсуге асықпай, алдымен Отан алдындағы борышын өтеуді жөн көрген екен. Олар әскери тәжірибе жинап, мамандық меңгеріп, кейін білім гранттарының мүмкіндігін пайдаланып, оқуын жалғастыруды жоспарлаған. 🇰🇿 Два сына — одна служба: мама близнецов рассказала, почему гордится их выбором Для Шолпан Тлеубаевой провожать в армию пришлось сразу двоих сыновей. Близнецы Айбол и Нурбол после окончания школы решили не спешить с поступлением в вуз: сначала пройти срочную службу, получить армейский опыт и профессию, а затем воспользоваться возможностью получить образовательные гранты и продолжить учебу. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  12. +3

    💪 Қызметтен қол үзбей спортпен шұғылдану: Қорғаныс министрлігінде жаңа фитнес-зал ашылды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратында әскери қызметшілер мен әскери ведомство қызметкерлеріне арналған жаңа заманауи фитнес-залдың ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қатысты. 💪 Спорт без отрыва от службы: в Министерстве обороны открыт новый фитнес-зал В здании Министерства обороны Республики Казахстан состоялось открытие нового современного фитнес-зала, предназначенного для военнослужащих и сотрудников военного ведомства. В церемонии принял участие министр обороны Республики Казахстан генерал-лейтенант авиации Даурен Косанов. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  13. 🇰🇿 Офицерлік вальс – болашақ отбасының бастауы… Лейтенант Жанкерей Таңсықбаев 2025 жылы әскери институтты тәмамдап, офицерлік жолын бастады. 4-курста болашақ жары Жаннұрмен танысқан Жанкерей үшін соңғы оқу жылындағы ең есте қаларлық сәттердің бірі екеуі бірге билеген офицерлік вальс болатын. Қолына дипломын алып, әскери бөлімге қызметке аттанған соң да, арақашықтыққа қарамай бір жыл бойы байланыстарын үзген емес. Екі жас 2026 жылғы 15 тамызда отау құрып, үлкен өмірге аяқ басты. Осылайша бір кездері оқу ордасында басталған вальс бүгінде өмірлік әдемі әуенге айналды. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

  14. Older posts