✅ Шымкент қаласындағы №131 ашық сайлау учаскесінде 35748 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген 265 сарбаз дауыс берді. Солардың қатарындағы қатардағы жауынгер Али ИМАНБЕК үшін бұл күн ерекше маңызға ие, себебі әскери қызмет барысында алғаш рет дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік алды. – Мен үшін бүгінгі күн ерекше маңызды. Себебі алғаш рет дауыс беру арқылы ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға өз үлесімді қосып, азаматтық ұстанымымды білдіруге мүмкіндік алдым. Дауыс беру – әр азаматқа берілген үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерге бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау мен үшін үлкен мәнге ие. Қазіргі таңда әскери қызмет атқарып жүргендіктен, Отан алдындағы борышымды өтеумен қатар, азаматтық міндетімді де орындағаныма қуаныштымын, – деді қатардағы жауынгер Али ИМАНБЕК. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔
Subscribers
13.4K
+0 24h
Reach per post (ERR)
16.2%2.2K avg views
Posting
1.8/day
last 17 hours ago
Reactions per 1K views
16.2
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 23 Aug 2026, 05:52 | 0 |
| 11 Nov 2026, 00:50 | 1.3K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.