JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 50.2%854 avg views
Posting 5.6/week last 13 hours ago
Reactions per 1K views 16.9 👍 👏 🔥
edited

⚡️ Қорғаныс министрлігіне қатысты 2024 жылғы бейнежазба қайта таралуда Әлеуметтік желілерде әскери ант қабылдау рәсімі кезінде сарбаздың басы айналып, өзін жайсыз сезінген сәті түсірілген бейнежазба қайтадан таралып жатыр. Алайда бұл оқиға биыл емес, 2024 жылы Аягөз гарнизонында болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, “сарбаздың жағдайы қатты толқығандықтан нашарлаған. Оның денсаулығына қауіп төнбеген. Медициналық көмек дер кезінде және толық көлемде көрсетілген”. JAQ.Ortcom Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына белгілі болғандай, аталған әскери қызметші мерзімді әскери қызметін толық өтеп, кейін запасқа шығарылған. Демек, қазір әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнежазба қазіргі жағдайға қатысты емес. Оқиғаның болған уақыты мен мән-жайын көрсетпей, архивтік кадрларды қайта жариялау аудиторияны жаңылыстырып, қоғамда негізсіз алаңдаушылық туғызуы мүмкін. ‼️ Орталық блогерлер мен жаңалықтар пабликтерін ақпарат таратқанда жауапкершілік танытып, жарияланатын мәліметтердің шынайылығына көз жеткізуге шақырады. Көрінеу жалған ақпаратты қасақана тарату заңнамаға сәйкес құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. JAQ.Ortcom

Views over time

05001K1.5K12 Nov 18:1213 Nov 06:421.4K12 Nov 18:12: 0 views13 Nov 06:42: 1,350 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
12 Nov 2026, 18:120
13 Nov 2026, 06:421.4K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.