JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 50.2%854 avg views
Posting 5.6/week last 13 hours ago
Reactions per 1K views 16.9 👍 👏 🔥

ℹ️ 2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы Фейк: «Алматының су құбыры мен кәріз шаруашылығы бөгде компанияның басқаруына беріледі» «Алматы Су» МКК ресми мәлімдемесі: «Алматы Су» кәсіпорны штаттық режимде жұмысын жалғастыруда және қаланың сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің операторы болып қала береді. Басқа компаниялардың басқаруына беру жоспарланбаған». Манипуляция: Компьютерлік клубтарға келушілерді әскери комиссариаттардың «рейдтері» туралы ақпарат беретін Telegram-боттарға қосылуға шақыру ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі: «Қазіргі уақытта азаматтарды әскерге шақыру туралы хабарландыру электрондық форматта да жүзеге асырылады. Ол SMS-хабарламалар мен eGov жеке кабинетіндегі хабарламалар арқылы жүргізіледі». Манипуляция: Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік ғимаратында болған өртті Ресейдегі расталмаған «оба ауруымен» байланыстыруға тырысу Денсаулық сақтау министрлігінің ресми түсініктемесі: «Өрттен аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының мамандандырылған зертханалары зақымданған жоқ. Зертханалық жұмыстар жүргізілетін бөлмелерге от тимеген, олардың герметикалығы бұзылмаған». Фейк: Қазақстан азаматтары белгілі бір жағдайларда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгерте алады ҚР ІІМ ресми мәлімдемесі: «ЖСН азаматқа бір-ақ рет беріледі және қайта өзгертілмейді». Фейк: ҚР Қарулы Күштерінің техникасы халықаралық әскери оқу-жаттығудан кейін тұрақты орналасу орындарына оралмады ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі: «Оқу-жаттығу 2026 жылғы 6 қазанда аяқталғаннан кейін техника тұрақты орналасу пунктеріне толық қайтарылды». Фейк: Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде бірнеше адам өлімі тіркеліп, 100-ден астам адам жараланды деген ақпарат Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ресми мәлімдемесі: «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде медициналық көмекке сегіз адам жүгінді. Тексеруден кейін бір көрерменнен басқасының барлығы үйлеріне жіберілді. Түрлі жарақат алған 18 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оның жағдайы мамандардың бақылауында». Қосымша ақпарат: Қаралып отырған кезеңде әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқаны үшін бес адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (1, 2 ). Тәртіп бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамада көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Views over time

020040060016 Oct 05:3211 Nov 13:5357716 Oct 05:32: 0 views11 Nov 13:53: 577 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
16 Oct 2026, 05:320
11 Nov 2026, 13:53577

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.