JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 59.4%1K avg views
Posting 5.6/week last 2 days ago
Reactions per 1K views 14.1 👍 👏 🔥
edited

⚡️ Әлеуметтік желілерде 10 қазанда Шымкент қаласында өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат қайтыс болды деген ақпарат таралуда. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде 8 адам медициналық көмекке жүгінген. Медициналық тексеруден кейін олардың бірінен басқасы үйлеріне жіберілген. 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, жағдайы мамандардың бақылауында. Сонымен қатар Шымкент қаласының Полиция департаменті концерт өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. ‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланым жасамас бұрын олардың анық-қанығын тексеруге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады. Әсіресе азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты оқиғаларды жариялау кезінде жауапкершілік таныту маңызды. Өйткені шындыққа сәйкес келмейтін хабарламалар қоғамда негізсіз алаңдаушылық туғызуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

Views over time

020040060011 Oct 06:2511 Nov 13:5356311 Oct 06:25: 0 views11 Nov 13:53: 563 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
11 Oct 2026, 06:250
11 Nov 2026, 13:53563

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.