JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 59.4%1K avg views
Posting 5.6/week last 2 days ago
Reactions per 1K views 14.1 👍 👏 🔥
edited

⚡️ Threads желісінде халықаралық әскери оқу-жаттығулардан кейін әскери техниканың қайтарылмағаны туралы жалған ақпарат тарады Орталық халықаралық әскери оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери техникасы тұрақты орналасу орындарына қайтарылмағаны туралы жалған ақпарат таралғанын анықтады. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «оқу-жаттығулар аяқталған кейін әскери техника 2026 жылғы 6 қазанда тұрақты орналасу орындарына қайтарылған». Бұл ретте автор жалған ақпаратты шет мемлекетке әскери көмек көрсету немесе оны «Отанға сатқындық жасау» ретінде бағалауға бола ма деген манипуляциялық сұрақпен толықтырған. Мақсатты түрде мұндай сұрақ қою бейхабар аудиторияны эмоциялық пікірталасқа тартып, жалған себеп-салдарлық байланыс қалыптастырады. Нәтижесінде пайдаланушыларда оқиғаның шынайы мән-жайына қатысты бұрмаланған түсінік қалыптасып, адастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда нақты оқиға, яғни әскери оқу-жаттығулардың өткізілу фактісі алынып, оған шындыққа сәйкес келмейтін қосымша мәлімет енгізіледі. Одан кейін бастапқы хабарлама пікірлер, репосттар, қайта жіберулер және скриншоттар арқылы таралуын жалғастырады. Осылайша, жалған тезис өз алдына талқылау нысанына айналып, пайдаланушылар тарапынан расталған факт ретінде қабылдануы мүмкін. ‼️ Көрінеу жалған немесе шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық жауапкершілік көзделген.

Views over time

05001K1.5K8 Oct 17:3011 Nov 13:531.1K8 Oct 17:30: 0 views11 Nov 13:53: 1,150 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
8 Oct 2026, 17:300
11 Nov 2026, 13:531.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.