JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 59.4%1K avg views
Posting 5.6/week last 2 days ago
Reactions per 1K views 14.1 👍 👏 🔥

​​⚡️ Алматыдағы өртке қатысты манипуляциялар Желіде жекелеген пайдаланушылардың 21 қыркүйекте Алматы қаласындағы Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында болған өртке қатысты манипуляциялық хабарламалар таратып, қоғам назарын аудару әрекеттері тіркелуде. Еске салсақ, сол күні Алматы қаласының ТЖД өрттің екі қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатында шыққанын хабарлаған болатын. Шамамен 20 шаршы метр аумақта тұрмыстық техника мен заттар жанған. Өрт 45 минут ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі де оқиға салдарынан мамандандырылған зертханалардың зақымданбағанын мәлімдеді. Зертханалық жұмыстар жүргізілетін үй-жайларға от тимеген, олардың герметикалық тиянақтылығы бұзылмаған. Жұқпалы аурулардың таралу қаупі мен халыққа төніп тұрған қатер жоқ. Сонымен қатар, соңғы күндері кейбір әлеуметтік желі аккаунттары осы орын алған өрт оқиғасын Ресейде оба ауруы тіркелді деген қауесетпен байланыстыруға тырысуда. Айта кету керек, бұл ақпаратты бұған дейін Ресей билігі ресми түрде теріске шығарған еді. Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықта аса қауіпті инфекциялар бойынша мамандандырылған зертханалардың болуы фактісінің өзі екі оқиғаның арасында жалған байланыс орнату және жағдайға қатысты қосымша алаңдаушылық туғызатын контекст қалыптастыру үшін пайдаланылуда. ‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды манипуляцияларға сенбеуге және таратылған ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.

Views over time

05001K5 Oct 06:4011 Nov 13:531.1K5 Oct 06:40: 0 views11 Nov 13:53: 1,050 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
5 Oct 2026, 06:400
11 Nov 2026, 13:531.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.