JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 59.4%1K avg views
Posting 5.6/week last 2 days ago
Reactions per 1K views 14.1 👍 👏 🔥

Жасанды резонанс. Ақпараттық күшейту технологиясы 1-бөлім Резонансты оқиғаларды талдау көрсеткендей, төтенше жағдайлар мен қоғамдық маңызы бар шаралар кезінде бірыңғай ақпараттық сценарий бойынша белгілі бір уақытта синхронды әрекет ететін аккаунттар мен арналар белсендірілуі мүмкін. Бұл технологияның басты мақсаты - қоғамда жаппай наразылық туындағандай әсер қалдыру, деструктивті нарративтердің таралуын жеделдету және оны одан әрі ілгерілетуге шынайы пайдаланушыларды тарту. Шартты түрде бұл тетікті бес жүйелі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең – «консерваларды» (ұйқыдағы аккаунттарды) белсенді іске қосу. Бұл - ұзақ уақыт бойы белсенділік танытпаған немесе өте аз белсенді болған аккаунттар мен арналар. Төтенше жағдай, оқыс оқиға немесе өзге де резонансты жайт орын алған бойда олар алдын ала дайындалған немесе оқиғаға байланысты жедел әзірленген материалдарды жариялау үшін іске қосылады. Мәселен, соңғы оқиғаларға байланысты Орталық тарапынан анықталған мұндай дереккөздердің негізгі ядросын 1 Telegram-арна мен Facebook желісіндегі 3 аккаунт құрады. Мұндай профильдердің басты міндеті - олардың бұған дейін қалыптасқан тарихы, жазылушылар саны мен белгілі бір аудиториясы арқылы сенімді болып көрінуі. Сондықтан олар белгілі бір ақпараттық науқан үшін арнайы құрылған аккаунтқа ұқсамайды. Екінші кезең - деструктивті нарративті ақпараттық кеңістікке енгізу. Резонансты оқиға орын алған алғашқы сағаттардағы ақпараттық тапшылықты пайдаланып, расталмаған мәліметтер, асыра сілтеулер, бұрын түсірілген фото және бейнематериалдар немесе жалған тұжырымдармен бұрмаланған шынайы фактілер таратыла бастайды. Осындай 29 аккаунт анықталды. Бұл ретте басты мақсат тек нақты бір фейкті таратумен шектелмеуі мүмкін. Дезинформаторлар болған жағдайға қатысты жалпы теріс түсінік қалыптастырады. Мысалы, «билік ақпаратты жасырып отыр», «ресми мәліметтерге сенуге болмайды», «шынайы ақпаратты тек әлеуметтік желі пайдаланушылары таратады» деген ұстанымдар алға шығарылады. Осылайша, ресми ақпарат толық жарияланғанға дейін жекелеген дәйексіз хабарламалар біртұтас кең ауқымды нарративке біріктіріледі. Үшінші кезең – жасанды күшейту. Сонымен қатар, жаңа анонимді аккаунттар, соның ішінде ақпараттық себеп пайда болған сәтте жедел ашылған профильдер де іске қосылуы мүмкін. Талдау барысында осындай сипаттағы 39-ға жуық аккаунт анықталды. Олардың міндеті жаңа ақпарат жасау емес, жаппай талқылау жүріп жатқандай әсер қалыптастыру. Біркелкі жарияланымдар, пікірлер, репосттар, пайдаланушыларды белгілеу және ақпаратты таратулар арқылы жоғары белсенділік жасанды сигнал қалыптасады. Осы кезеңде жасанды жолмен жасалған резонанс біртіндеп табиғи сипат алып, шынайы пайдаланушылардың ақпараттық кеңістігіне ене бастайды.

Views over time

05001K1.5K29 Sep 11:4411 Nov 13:531.4K29 Sep 11:44: 0 views11 Nov 13:53: 1,400 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
29 Sep 2026, 11:440
11 Nov 2026, 13:531.4K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.