ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.6%972 avg views
Posting 8.4/day last 2 hours ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
repost

🔶Жоғары білім беру бағдарламалары еңбек нарығының сұранысына сай жаңартылады Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін еңбек нарығының нақты сұранысымен ұштастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, осы бағытта ауқымды зерттеу жүргізіліп, оған 73 мыңнан астам мемлекеттік және жекеменшік компания, мекеме мен кәсіпорын қатысты. Зерттеу нәтижесінде алдағы 3–5 жылға арналған кадрларға деген қажеттілік пен маман тапшылығы айқындалды. «Ауқымды сауалнама нәтижесінде 238 білім беру бағдарламасы толықтай жабылды, 16 бағдарлама қайта қаралды, ал 407 жаңа білім беру бағдарламасы пысықталды. Енді мұндай жұмыс жыл сайын жүргізіледі. Осылайша, еңбек нарығындағы бір, екі және үш жылдық кадр тапшылығы тұрақты түрде анықталып отырады», – деді ведомство басшысы. Оның айтуынша, жаңа мамандықтар атласын әзірлеу жұмыстары аяқталды. Олар Қазақстанның әрбір азаматына қолжетімді болады. Сарапшылар, білім алушылар мен ата-аналар белгілі бір мамандықтарға деген ұзақ, орта және қысқа мерзімді тапшылықты көре алады. 🔶Программы высшего образования обновят с учетом потребностей рынка труда В Казахстане ведется работа по увязке системы высшего образования с реальными потребностями рынка труда. Об этом сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на пресс-конференции в СЦК. По его словам, в этом направлении проведено масштабное исследование, в котором приняли участие более 73 тыс. государственных и частных компаний, учреждений и предприятий. По итогам исследования определены потребность в кадрах и дефицит специалистов на ближайшие 3–5 лет. «По результатам масштабного опроса 238 образовательных программ были полностью закрыты, 16 программ пересмотрены, а 407 новых образовательных программ проработаны. Теперь такая работа будет проводиться ежегодно. Таким образом, дефицит кадров на рынке труда на один, два и три года вперёд будет регулярно выявляться», – сказал глава ведомства. Кроме того, по его словам, завершена работа по атласам новых профессий. Они будут доступны, чтобы каждый гражданин Казахстана – аналитик, эксперт, учащийся, родитель – мог видеть долгосрочные, среднесрочные и краткосрочные потребности в тех или иных специальностях. @ortcom_kz #CCS

Views over time

020040060012 Nov 11:2313 Nov 12:5148912 Nov 11:23: 0 views12 Nov 12:54: 282 views12 Nov 17:36: 410 views13 Nov 11:33: 485 views13 Nov 12:51: 489 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
12 Nov 2026, 11:230
12 Nov 2026, 12:54282
12 Nov 2026, 17:36410
13 Nov 2026, 11:33485
13 Nov 2026, 12:51489

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.