🔶Ғылым министрлігі: әлеуметтік осал топтағы жастарға қолдау көрсетіледі Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік осал топтағы жастарды қолдау шаралары жүзеге асырылуда. 2023 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысының кемінде 2%-ы жетім балаларға бөлініп келеді. Сонымен қатар, соңғы үш жылда әлеуметтік осал топтардан шыққан студенттерге, оның ішінде жетім балалар мен толық емес отбасылардан шыққан жастарға жатақхана шығындарын өтеу және шәкіртақысына қосымша үстемеақы төлеу түрінде қолдау көрсетілуде. «Серпін» бағдарламасын іске асыру тетіктері де жаңартылды. Былтыр бағдарлама бойынша бөлінген гранттарды игеру көрсеткіші алғаш рет 80%-дан асты. Қазіргі уақытта бағдарлама жаңа форматқа көшіріліп, оның ережелеріне өзгерістер енгізілді», – деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 🔶Миннауки: молодежь из социально уязвимых категорий получает поддержку В Казахстане принимаются меры по повышению доступности высшего образования и поддержке молодёжи из социально уязвимых категорий. С 2023 года не менее 2% государственного образовательного заказа выделяется детям-сиротам. Кроме того, последние три года студентам из социально уязвимых категорий, в том числе детям-сиротам и молодёжи из неполных семей, предоставляется поддержка в виде возмещения расходов на проживание в общежитии и выплаты дополнительной надбавки к стипендии. «Обновлены и механизмы реализации программы «Серпін». В прошлом году показатель освоения выделенных по программе грантов впервые превысил 80%. Сейчас программа переведена на новый формат, в её правила внесены изменения», – сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на пресс-конференции в СЦК. @ortcom_kz #CCS