▪️ Қазақстанда ғалымдарды қолдау және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу жұмыстары кеңейтіліп келеді 🔹Жыл сайын 10 қарашада әлемде Бейбітшілік пен даму жолындағы дүниежүзілік ғылым күні атап өтіледі. ЮНЕСКО бастамасымен белгіленген бұл күн ғылымның орнықты дамуды қамтамасыз етудегі, жаһандық сын-қатерлерді еңсерудегі және халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызды рөлін айқындауға бағытталған. Қазақстанда ғылымды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту, ғалымдарды қолдау, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту және ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. ✔️ Соңғы жылдары Қазақстанның ғылым саласында оң өзгерістер байқалады. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі ұлғайып, ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары кеңейіп, ғылыми ұйымдар мен өндіріс орындары арасындағы ынтымақтастық нығая түсуде. 📌 Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын қызметкерлер саны 28 374 адамды құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артық. Олардың 11 872-сі немесе 41,8%-ының ғылыми дәрежесі бар. Сонымен қатар зерттеушілердің 47%-ын 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда) ғалымдар мен мамандар құрайды. 👥 Елімізде ғылыми-зерттеу қызметімен 434 ұйым айналысады. Олардың қатарында мемлекеттік ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, кәсіпкерлік сектор кәсіпорындары мен коммерциялық емес ұйымдар бар. 2026 жылы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, перспективалы технологияларды дамытуға және өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған 2 107 ғылыми жоба мен 243 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылады. 📌 Мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты жетілдірудегі маңызды қадамдардың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп, қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Аталған заң отандық ғылымды дамытуға қолайлы жағдай жасауға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ ғалымдарды мемлекеттік қолдау тетіктерін кеңейтуге бағытталған. 🔗 Толығырақ: gov.kz