ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.6%972 avg views
Posting 8.4/day last 2 hours ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
repost from Aqorda 🇰🇿

⚡️Мемлекет басшысы БҰҰ-ның ресми тілдерімен жалғайтын екі тілді және көптілді сөздіктер әзірлеуді тапсырды «Қазақ тілін халықаралық тілдер қауымдастығында өз орны бар тіл ретінде дамытуымыз керек. Ана тіліміздің өзге тілдермен байланысын қамтамасыз ету өте маңызды. Осы орайда, «Қазақ тілі» қоғамы жүзеге асырған Oxford Qazaq Dictionary жобасын жалғастыру керек деп есептеймін. Мен өзім бұл сөздікті қарап шықтым. Жалпы, пайдалы еңбек деп санаймын. Қазақ тілін Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі ресми тілдерімен жалғайтын сапалы екі тілді және көптілді сөздіктер әзірлейтін уақыт келді. Қазақ-француз, қазақ-испан, қазақ-қытай, қазақ-араб, сонымен қатар, қазақ-неміс, қазақ-итальян, қазақ-жапон, қазақ-корей, қазақ-парсы сөздіктерін жасау қажет. Қазақ-орыс сөздігін уақыт талабына сай жаңартқан жөн. Сөздіктердің электрондық нұсқасын әзірлеп, үнемі толықтырып отыру керек. Тілдің халықаралық байланысын нығайту арқылы мәдени және ғылыми ықпалдастыққа жол ашылады, еліміздің зияткерлік әлеуеті артады». t.me/aqorda_resmi

Views over time

010020030010 Nov 07:1712 Nov 09:1731410 Nov 07:17: 0 views12 Nov 09:17: 314 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
10 Nov 2026, 07:170
12 Nov 2026, 09:17314

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.