ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60.5K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60.5K −100 24h
Reach per post (ERR) 2.2%1.3K avg views
Posting 6.1/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.1 👍 ❤ 🔥
viral · 5.0× typical

🏆 Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап, үш университеті рейтингтің алғашқы жүздігіне енген өңірдегі жалғыз мемлекет атанды. Биылғы рейтингке еліміздің 51 жоғары оқу орны енгізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті университетке артық. QS Asia University Rankings 2027 рейтингіне Азияның 26 елі мен аумағынан 1722 университет енді. Рейтингке енгізілген жоғары оқу орындарының саны бойынша Қазақстан Азияда 10-орынға тұрақтады. Соңғы үш жылда рейтингке қатысқан қазақстандық университеттердің саны 34-тен 51-ге дейін артты. Оның ішінде жеті жоғары оқу орны рейтингке алғаш рет енді. Азияның үздік 100 университетінің қатарына Қазақстанның үш жоғары оқу орны кірді: ✔ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 46-орын; ✔ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 62-орын; ✔ Satbayev University – 89-орын. Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартқан университеттердің бірі – NU. Университет 62 сатыға көтеріліп, 139-орынға ие болды. Осылайша, рейтингке екінші жыл қатарынан қатысып отырған оқу орны Азияның үздік 200 университетінің қатарына енді. Сондай-ақ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті өз көрсеткішін 64 сатыға жақсартып, 618-орынға көтерілді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔔 Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Международное аналитическое агентство QS Quacquarelli Symonds опубликовало рейтинг лучших университетов Азии – QS Asia University Rankings 2027. Казахстан сохранил лидерство среди стран Центральной Азии, став единственной страной региона, три университета которой вошли в первую сотню рейтинга. Всего в новом выпуске представлены 51 казахстанский вуз, что на семь больше по сравнению с предыдущим годом. В рейтинг QS Asia University Rankings 2027 вошли 1722 университета из 26 стран и территорий Азии. По количеству представленных вузов Казахстан занял 10-е место в регионе. При этом за последние три года число казахстанских университетов в рейтинге увеличилось с 34 до 51, из которых семь включены в него впервые. В число 100 лучших университетов Азии вошли три казахстанских вуза: ✔ Казахский национальный университет имени аль-Фараби – 46-е место; ✔ Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева – 62-е место; ✔ Satbayev University – 89-е место. Наиболее заметную положительную динамику среди казахстанских вузов продемонстрировал NU, поднявшийся на 62 позиции и занявший 139-е место. Уже во второй год участия в рейтинге университет вошел в топ-200 лучших вузов Азии. Значительное улучшение результатов также показал Восточно-Казахстанский университет имени Сарсена Аманжолова, который поднялся на 64 позиции и расположился на 618-м месте. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

02K4K4 Nov 06:3412 Nov 09:174.5K4 Nov 06:34: 0 views12 Nov 09:17: 4,450 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
4 Nov 2026, 06:340
12 Nov 2026, 09:174.5K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.