🇰🇿🇬🇧 Қазақстанда University of Exeter қатысуымен тау-кен ісі саласындағы білім беруді дамыту жоспарланып отыр Лондонда Алатау қаласын дамытуға халықаралық капитал тартуға бағытталған еуропалық роуд-шоу аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Эксетер университеті (University of Exeter) проректоры (Pro-Vice-Chancellor), профессор Александра Джербасимен кездесті. Alatau City – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жоба. University of Exeter өкілімен өткен кездесу барысында тараптар жоғары білім мен ғылым салаларындағы қазақ-британ ынтымақтастығын кеңейту, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі мен экономиканың басқа да басым салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлау перспективаларын талқылады. Келіссөздерде Ұлыбританияның тау-кен ісі және минералдық-шикізат саласына мамандар даярлау бағытындағы жетекші академиялық орталықтарының бірі – Camborne School of Mines тау-кен мектебінің қатысуымен Қазақстанда тау-кен ісі саласындағы білім беруді дамытуға ерекше назар аударылды. Тараптар академиялық байланыстарды нығайтуға, білім беру бағдарламаларын дамытуға және отандық өнеркәсіптің қажеттіліктеріне сай мамандар даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға мүдделілік білдірді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇬🇧 В Казахстане планируется развитие горного образования при участии Университета Эксетера В Лондоне в рамках европейского роуд-шоу, направленного на привлечение международного капитала для развития города Алатау, состоялась встреча заместителя Премьер-министра РК Каната Бозумбаева и министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек с проректором (Pro-Vice-Chancellor) Университета Эксетера (University of Exeter, Великобритания), профессором Александрой Джербаси. Alatau City – национальный проект, реализуемый по инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева. В ходе встречи с представителем Университета Эксетера стороны обсудили перспективы расширения казахстанско-британского сотрудничества в сфере высшего образования и науки, а также подготовки высококвалифицированных кадров для горнодобывающей промышленности и других приоритетных отраслей экономики. Особое внимание было уделено развитию горного образования в Казахстане при участии Camborne School of Mines – одного из ведущих академических центров Великобритании в области горного дела и подготовки специалистов для минерально-сырьевого сектора. В рамках встречи стороны выразили заинтересованность в укреплении академического взаимодействия, развитии образовательных программ и формировании новых возможностей для подготовки специалистов с учетом потребностей отечественной промышленности. 🔗 Подробнее: gov.kz