ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60.5K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60.5K −100 24h
Reach per post (ERR) 2.2%1.3K avg views
Posting 6.1/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.1 👍 ❤ 🔥

🌱 Абай университетінде «Таза Қазақстан» апталығына 10 мың студент қатысты Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған экологиялық апталық қорытындыланды. Апталыққа оқу орнының 10 мыңға жуық студенті қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтауға бағытталған жұмыстарға өз үлестерін қосты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қалалардың қауіпсіз, жайлы әрі көрікті болуын маңызды мемлекеттік міндет ретінде атап өтіп, бұл талаптың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының негізгі қағидаттарымен үндес екенін жеткізген болатын. Осы мақсатта ұйымдастырылған апталық өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар студенттердің қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттырып, ортақ іске жұмылдыруды және салауатты өмір салтын насихаттауды көздеді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌱 В Abai University в экологической неделе «Таза Қазақстан» приняли участие 10 тысяч студентов В Abai University подвели итоги экологической недели, организованной в рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан», реализуемой по инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева. В мероприятиях приняли участие около 10 тысяч студентов университета, которые внесли свой вклад в охрану окружающей среды и поддержание чистоты. В Послании народу Казахстана «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом цикле» Глава государства Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что обеспечение безопасности, комфорта и благоустроенности городов должно стать одной из важных государственных задач. По его словам, это требование полностью соответствует основным принципам общенациональной инициативы «Таза Қазақстан». Экологическая неделя была направлена на формирование у молодого поколения патриотизма, гражданской ответственности и экологической культуры. Кроме того, инициатива призвана повысить общественную активность студентов, объединить их вокруг общего дела и популяризировать здоровый образ жизни. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K30 Oct 12:3812 Nov 09:171.9K30 Oct 12:38: 0 views12 Nov 09:17: 1,900 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
30 Oct 2026, 12:380
12 Nov 2026, 09:171.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.