ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.6%962 avg views
Posting 8.4/day last 2 hours ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥

📌 Мемлекет басшысының Жолдауы: адами капиталды, ғылым мен жасанды интеллектіні дамыту – ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты басымдықтар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының алдағы кезеңіне арналған негізгі бағдарларды айқындап, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда білімнің, ғылымның, инновацияның және адами капиталдың айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы биыл Тәуелсіздігімізге 35 жыл толып отырған тарихи меженің ұлт шежіресінде алатын орнына тоқталды. Жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекеттілікті нығайту мен саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды кезең болды. Конституцияның 1 шілдеден бастап күшіне енуі мемлекеттік институттарды қалыптастыруға және елді одан әрі жаңғыртуға тың серпін берді. Президент келер жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл бастама заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға, экономиканы дамытуға және жаңа технологиялық дәуірдің сын-қатерлеріне жауап бере алатын жасампаз қоғам құруға бағытталған. Жасанды интеллект қарқынды дамып, технологиялық өзгерістер жаһандық сипат алған қазіргі кезеңде білім беру, ғылым және инновация салаларының маңызы арта түседі. Елдің ұзақ мерзімді даму мүмкіндіктері адами капиталға, білікті мамандар даярлау сапасына және озық технологияларды өндіріске енгізу қабілетіне тікелей байланысты. Мемлекет басшысының пайымдауынша, «Жалпыхалықтық құрылыс» ауқымды инфрақұрылымдық өзгерістермен ғана шектелмей, ел болашағына салынған ұзақ мерзімді инвестицияға айналуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми әлеуетті арттыру, білікті кадрлар даярлау және әрбір азаматтың өз қабілетін жүзеге асыруына жағдай жасау ерекше маңызға ие. 🔗 Толығырақ: gov.kz

Views over time

05001K1.5K28 Oct 13:0312 Nov 09:171.3K28 Oct 13:03: 0 views12 Nov 09:17: 1,330 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
28 Oct 2026, 13:030
12 Nov 2026, 09:171.3K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.