ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%907 avg views
Posting 8.3/day last 42 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from Aqorda 🇰🇿

🇰🇿🇧🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты ✔️Alem.ai. халықаралық орталығында Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары жетекшілері бас қосқан іс-шара өтті. ✔️«Білім беру мен ғылыми зерттеулерге жасанды интеллектінің әсері» тақырыбын арқау еткен жиын интерактивті пікірталас форматында ұйымдастырылды. ✔️Пікірталасқа қатысушылар жасанды интеллект технологиялары жоғары білім мен заманауи ғылым саласына қандай өзгеріс әкелетінін егжей-тегжейлі талқылады. ✔️Атап айтқанда, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы аймақтық хаб, сондай-ақ білім беру, зерттеулер және инновациялар бағытындағы ынтымақтастыққа арналған стратегиялық алаң ретіндегі рөлі қарастырылды. ✔️Академиялық, сондай-ақ білім беру ортасында жасанды интеллект пен оқу машинасын пайдалануға, оқу және оқыту үдерістеріндегі жаңа технологияның ықпалына баса назар аударылды. ✔️Форум аясында Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары серіктестігін кеңейту, бірлескен білім беру әрі зерттеу бастамаларын іске қосу, академиялық ұтқырлықты дамыту және жоғары мектептегі цифрлық трансформация салаларында тәжірибе алмасу мәселелері пысықталды. ✍️ Іс-шара қорытындысы бойынша екі ел университеттері арасында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылды. t.me/aqorda_resmi

Views over time

025050075013 Oct 14:5712 Nov 09:1773213 Oct 14:57: 0 views12 Nov 09:17: 732 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
13 Oct 2026, 14:570
12 Nov 2026, 09:17732

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.