Бельгия Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысып, Қазақстан Үкіметімен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады 📌Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NU базасында аса маңызды минералдар саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында қазақ-бельгия дөңгелек үстелін өткізді. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі Филипп арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Оған іскерлік, ғылым және білім беру салаларының өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты. «Аса маңызды минералдар қазіргі заманғы экономиканың негізін құрайды. Олар технология, өнеркәсіп пен қауіпсіздік салаларының берік тірегі саналады. Бельгияда университеттік ғылым мен өнеркәсіп арасындағы толық сенімге негізделген тиімді ынтымақтастық үлгісі табысты жүзеге асырылып келеді. Біз осы тәжірибемізді Қазақстанмен бөлісуге және өзара сенім рухында бірлескен жұмысты дамытуға дайынбыз. Қазақстанның мол минералдық ресурстары мен активтерін болашақ индустрияға айналдыру жөніндегі стратегиялық пайымына тәнтіміз», — деді Бельгиялықтар Королі Филипп. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның Еуропалық одақпен және Бельгия Корольдігімен өзара ынтымақтастығының стратегиялық сипаты атап өтілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес, елімізде капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа инвестициялық кезең қалыптасуда. Қазақстан шикізат экспортынан оны терең өңдеуге және жоғары технологиялық өнім өндіруге көшу арқылы өнеркәсіптік әлеуетін дәйекті түрде нығайтып келеді. Іс-шараға қатысушылар аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Бірлескен өнеркәсіптік және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, қайта өңдеу өндірістерін дамытуға, қосылған құнның тұрақты тізбектерін қалыптастыруға назар аударылды. Шетелдік озық технологияларды тартуға, ғылыми-зерттеу байланыстарын нығайтуға, гидрометаллургияны дамытуға, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуге және сирек және түсті металдарды дәстүрлі өндіру мен өңдеумен қатар айналмалы экономика қағидаттарын енгізуге де баса ден қойылды. Одан бөлек, нормативтік-құқықтық орта, жер қойнауын пайдалану процестерін цифрландыру және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту есебінен сенімді логистикалық маршруттарды қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Көлік және логистика, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, биотехнология, цифрландыру және жасанды интеллект, ғарыштық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Король Филиппен келіссөздері барысында қол жеткізген уағдаластықтарының жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алды. Өзара тиімді инвестициялық, өнеркәсіптік және ғылыми-технологиялық жобаларды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
59.9K
−200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)
1.5%907 avg views
Posting
8.3/day
last 42 minutes ago
Reactions per 1K views
6.8
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 13 Oct 2026, 08:56 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:17 | 1K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.