ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%909 avg views
Posting 8.3/day last 46 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from Aqorda 🇰🇿

🇰🇿🇧🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді 🔹Ақордада өткен келіссөз барысында Президент Қазақстан мен Орталық Азияға тарихта тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Короліне және Патшайымына ілтипат білдірді. – Осы тарихи сәтте Сіздермен жүздесіп, мемлекеттеріміз арасындағы берік достықты атап өту – мен үшін зор мәртебе. Аса мәртебелі Король Филипп, халқыңызға қалтқысыз қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Cіз Корольдік билігіне келгелі еліңіз өркендеп, әлемдік аренадағы лайықты орнын бекіте түсті. Халқыңызға адалдығыңыз және Бельгияны мекендейтін түрлі қауымдар арасындағы өзара түсіністікті нығайту жолындағы табанды еңбегіңіз Тәждің ел бірлігін сақтаудағы рөлін айқындай түседі. Біз де «Бірлігіміз – әралуандықта» деген қағидатқа айрықша мән береміз. Әрбір азаматтың келешегімізге атсалысқанын қалаймыз. Көп жылдан бері кәсіпкерлікті, білім мен инновацияны дамытуға ерекше күш салып келесіз. Бұл – шын мәнінде үлгі тұтарлық ізгі істер. Король әулетінің Бельгия бизнесіне ұдайы қолдау көрсетуі шексіз құрметке лайық. Аса мәртебелі Патшайым Матильда, Сіз бұл сапардың мән-мазмұнын арттырып, шырайын келтірдіңіз. Сіздің балаларды қорғау, білім беру, адамның қадір-қасиетін құрметтеу мәселелеріне келгенде, ерекше жанашырлығыңыз бен қамқорлығыңызға тәнтіміз. Бұл игі мұраттар азаматтарымызды шын мәнінде сүйсінтеді, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi

Views over time

05001K12 Oct 10:0412 Nov 09:171.1K12 Oct 10:04: 0 views12 Nov 09:17: 1,110 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
12 Oct 2026, 10:040
12 Nov 2026, 09:171.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.