🗣️ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Ана тілі» газетінде «Адам капиталы – Қазақстан дамуының басты қозғаушы күші» атты мақаласы жарық көрді. 📌 Соңғы жеті жылда Қазақстанда жоғары білім мен ғылымды дамытуға ерекше басымдық беріліп, салаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейді. Осы кезеңде жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді қолдауға, ғалымдардың әлеуетін нығайтуға және ғылыми әзірлемелерді елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттауға арналған жүйелі реформалар жүзеге асырылды. 🏛🏛Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанда адам капиталын дамыту, білім сапасын арттыру және еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстанның жаңа Конституциясында адам капиталын, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды. 🔗 Толығырақ: https://anatili.kazgazeta.kz/news/adam-kapitaly-qazaqstan-damuynyn-basty-qozgaushy-kushi