🌐 Rectors’ Club: Central Asia+ аясында ЖИ дәуіріндегі университеттердің болашағы талқыланды Астанада «ЖИ-дан кейінгі университеттер: жаңа көшбасшылық, адамдық өлшем және Орталық Азия+ университеттерінің болашағы» тақырыбында Rectors’ Club: Central Asia+ клубының 8-отырысы өтті. Іс-шараны Almaty Management University (AlmaU) және Qazaq AI Research University (QAIRU) ұйымдастырды. Отырыс Қазақстандағы Жасанды интеллект жылы және AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында өтті. Жиынға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен сарапшылары қатысты. Қатысушылар жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жағдайында жоғары білім беру жүйесінің трансформациясы, университеттердің мемлекет және технологиялық компаниялармен өзара іс-қимылының жаңа модельдері, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті бағыттарын талқылады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌐 В рамках Rectors’ Club: Central Asia+ обсудили будущее университетов в эпоху ИИ В Астане состоялось 8-е заседание Rectors’ Club: Central Asia+ на тему «Университеты после ИИ: новое лидерство, человеческое измерение и будущее университетов Центральной Азии+». Организаторами мероприятия выступили Almaty Management University (AlmaU) и Qazaq AI Research University (QAIRU). Заседание прошло в рамках Года искусственного интеллекта в Казахстане и международного технологического форума AI & Digital Bridge 2026. В мероприятии приняли участие руководители и эксперты ведущих высших учебных заведений страны. Участники обсудили трансформацию системы высшего образования в условиях стремительного развития искусственного интеллекта, новые модели взаимодействия университетов с государством и технологическими компаниями, а также актуальные направления развития межуниверситетского сотрудничества. 🔗 Подробнее: gov.kz