💬 Northeastern University-мен ынтымақтастық перспективалары талқыланды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Astana IT University-де Northeastern University Президентінің аға кеңесшісі Усама Файядпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық академиялық байланыстарды дамыту, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру перспективаларын талқылады. Northeastern University-дің Қазақстанның білім беру және ғылыми-зерттеу экожүйесін дамытуға қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Саясат Нұрбек Қазақстанның өңірлік білім беру орталығы ретіндегі орнын нығайтып, жетекші шетелдік университеттерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасап келе жатқанын атап өтті. Бүгінде елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен кампустарын ашудан бастап, қазақстандық университеттер базасында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға дейінгі халықаралық серіктестіктің түрлі үлгілері дамып келеді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💬 Обсуждены перспективы сотрудничества с Northeastern University В Astana IT University министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек встретился со старшим советником Президента Northeastern University Усамой Файядом. В ходе встречи стороны обсудили перспективы расширения сотрудничества в сфере высшего образования, развития международных академических связей и реализации совместных образовательных и исследовательских проектов. Особое внимание было уделено возможностям участия Northeastern University в развитии образовательной и исследовательской экосистемы Казахстана. Саясат Нурбек отметил, что Казахстан последовательно укрепляет позиции регионального образовательного центра и создает условия для привлечения ведущих зарубежных университетов. В стране развиваются различные модели международного партнерства – от филиалов и кампусов зарубежных вузов до совместных образовательных программ на базе казахстанских университетов. 🔗 Подробнее: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
59.9K
−200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)
1.5%906 avg views
Posting
8.3/day
last 8 hours ago
Reactions per 1K views
6.8
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 1 Oct 2026, 12:57 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:17 | 3.8K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.