ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
edited

🇰🇿 Қазақстан Coursera-ның ЖИ және адами дағдыларды дамыту жөніндегі жаңа индексінде әлемде 55-орынға ие болды Қазақстан Coursera Global Skills Report 2026 жаһандық есебі аясында ұсынылған жаңа AI-Human Skills Synergy Index 2026 индексінде 98 елдің ішінде 55-орынға ие болды. Жаңа индекс білім алушылардың жасанды интеллект саласындағы дағдыларды оларды тиімді қолдануға қажетті сыни ойлау, көшбасшылық, коммуникация және күрделі міндеттерді шешу сияқты негізгі адами құзыреттермен қатар қаншалықты белсенді дамытып жатқанын бағалайды. Индекс онлайн оқыту пайдаланушылары арасында дағдыларды дамыту динамикасын, сондай-ақ оларды ел деңгейінде қолдануға қажетті жағдайларды ескереді. Coursera әдістемесіне сәйкесқорытынды баға дағдыларды меңгеру деңгейі, зерделенетін құзыреттердің ауқымы және AI дағдылары мен адами дағдылардың үйлесімі жөніндегі көрсеткіштерге, сондай-ақ Oxford Insights Government AI Readiness Index деректеріне негізделеді. «Қазақстан AI-Sana ұлттық бағдарламасын іске қосқанда цифрлық курстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету жеткіліксіз екенін түсіндік. Жүйелі өзгерістерге қол жеткізу үшін алынған білімді білім беру процесіне енгізіп, оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін жағдай жасау маңызды болды. Бүгінде бағдарламаға 100 жоғары оқу орны қатысып, курстарды білім беру процесіне енгізу, нәтижелерді бақылау және жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуына сәйкес оқу мазмұнын тұрақты түрде жаңарту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар оқытушылардың цифрлық және педагогикалық құзыреттерін дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Қазірдің өзінде 1 200-ден астам педагог заманауи онлайн оқыту әдістерін меңгеріп, сапалы 35 авторлық курс әзірлеуге қатысты. Бұл тәсіл жасанды интеллект саласындағы білімге қолжетімділікті кеңейтіп қана қоймай студенттерді өзгермелі еңбек нарығының талаптарына жүйелі түрде дайындауға мүмкіндік береді», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿 Казахстан занял 55-е место в мире в новом индексе Coursera по развитию AI и человеческих навыков Казахстан занял 55-е место среди 98 стран в новом AI-Human Skills Synergy Index 2026, представленном в рамках глобального отчета Coursera Global Skills Report 2026. Новый индекс оценивает, насколько активно обучающиеся развивают навыки в области искусственного интеллекта одновременно с ключевыми человеческими компетенциями, необходимыми для их эффективного применения, включая критическое мышление, лидерство, коммуникацию и решение сложных задач. Индекс учитывает как динамику развития навыков среди пользователей онлайн-обучения, так и условия, необходимые для их применения на уровне страны. Согласно методологии Coursera, оценка формируется на основе показателей освоения навыков, широты изучаемых компетенций и сочетания AI-навыков с человеческими навыками, а также данных Oxford Insights Government AI Readiness Index. «Когда Казахстан запускал национальную программу AI-Sana, мы понимали, что одного доступа к цифровым курсам недостаточно. Для системных изменений важно было создать условия, при которых полученные знания интегрируются в образовательный процесс и находят практическое применение. Сегодня программа объединяет 100 университетов, которые работают над внедрением курсов, мониторингом результатов и постоянным обновлением содержания с учетом стремительного развития технологий искусственного интеллекта.Одновременно мы уделяем особое внимание развитию цифровых и педагогических компетенций преподавателей. Более 1 200 педагогов уже освоили современные онлайн-методы обучения и приняли участие в создании 35 авторских курсов. Такой подход позволяет не только расширять доступ к знаниям в сфере ИИ, но и системно готовить студентов к требованиям меняющегося рынка труда», - министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K3K30 Sep 14:1912 Nov 09:172.3K30 Sep 14:19: 0 views12 Nov 09:17: 2,330 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
30 Sep 2026, 14:190
12 Nov 2026, 09:172.3K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.