✈️ Қазақстанда авиациялық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты ашылды Алматыда Азаматтық авиация академиясының базасында Авиациялық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты ашылды. Жаңа институт азаматтық авиация саласындағы қолданбалы ғылыми және технологиялық міндеттерді шешу үшін отандық ғылымның, авиация саласының және халықаралық серіктестердің әлеуетін біріктіруге бағытталған. Институттың құрылуы Қазақстанда авиациялық зерттеулердің өзіндік жүйесін қалыптастыруға және отандық авиация ғылымын дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. ҒЗИ жұмысының негізгі қағидаттарының бірі – ғылыми кооперация. Институт елімізде қалыптасқан ғылыми мектептерді, зертханаларды және мамандардың құзыреттерін біріктіріп, оларды азаматтық авиацияның нақты міндеттерін шешуге бағыттайды. Институттың ғылыми-зерттеу күн тәртібіне жасанды интеллект және авиациялық деректерді талдау, цифрлық технологиялар, авиациялық материалдар, заманауи диагностика және бұзбай бақылау әдістері, ұшқышсыз және автономды жүйелер, сондай-ақ авиациялық отын мен тұрақты авиациялық отын (SAF) бағыттары енгізілді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ✈️ В Казахстане открыт научно-исследовательский институт авиационных исследований В Алматы на базе Академии гражданской авиации открыт Научно-исследовательский институт авиационных исследований. Новый институт направлен на объединение потенциала отечественной науки, авиационной отрасли и международных партнеров для решения прикладных научных и технологических задач гражданской авиации. Создание института стало важным шагом в формировании в Казахстане собственной системы авиационных исследований и развитии отечественной авиационной науки. Одним из ключевых принципов работы НИИ станет научная кооперация. Институт будет объединять сформированные в стране научные школы, лаборатории и компетенции специалистов и направлять их на решение конкретных задач гражданской авиации. Научно-исследовательская повестка института включает такие направления, как искусственный интеллект и анализ авиационных данных, цифровые технологии, авиационные материалы, современные методы диагностики и неразрушающего контроля, беспилотные и автономные системы, а также авиационное топливо и устойчивое авиационное топливо (SAF). 🔗 Подробнее: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
59.9K
−200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)
1.5%906 avg views
Posting
8.3/day
last 8 hours ago
Reactions per 1K views
6.8
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 30 Sep 2026, 12:27 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:17 | 2.3K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.