🇰🇿🇰🇷QyzPU мен SeoulTech білім және ғылым саласындағы жаңа серіктестік бағыттарын айқындады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QyzPU) мен Seoul National University of Science and Technology (SeoulTech) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Сеулде өткен «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммиті аясында жасалды. Меморандум жасанды интеллект және цифрлық білім беру, STEM/STEAM, EdTech, ғылыми-зерттеу жобалары, академиялық ұтқырлық, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу бағыттарындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аталған бағыттардың Қазақстан мен Корея арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарудағы маңызын атап өтті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇰🇷 QyzPU и SeoulTech определили новые направления партнерства в сфере образования и науки В рамках государственного визита Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Республику Корея подписан Меморандум о взаимопонимании между Казахским национальным женским педагогическим университетом (QyzPU) и Seoul National University of Science and Technology (SeoulTech). Документ подписан в рамках первого саммита «Центральная Азия – Республика Корея», состоявшегося в Сеуле. Меморандум предусматривает развитие сотрудничества в таких направлениях, как искусственный интеллект и цифровое образование, STEM/STEAM, EdTech, научно-исследовательские проекты, академическая мобильность, а также обмен опытом между преподавателями и студентами. Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек отметил важность данных направлений для вывода сотрудничества Казахстана и Кореи в сфере образования и науки на новый уровень. 🔗 Подробнее: gov.kz