🇰🇿🇰🇷 ЕҰУ мен ABEEK инженерлік білім беру саласында ынтымақтастық орнатты Бүгін Сеул қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары және «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Кореяның инженерлік білім беруді аккредиттеу кеңесі (Accreditation Board for Engineering Education of Korea, ABEEK) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Рәсім барысында ЕҰУ Басқарма төрағасы -ректоры Ерлан Сыдықов пен ABEEK Президенті У Сын Ким Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, тараптар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты.Меморандум инженерлік және IT-білім беру, білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу, кәсіби тәжірибе алмасу және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бағыттарындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇰🇷 ЕНУ и ABEEK установили сотрудничество в сфере инженерного образования Сегодня в Сеуле в рамках государственного визита Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в Республику Корея и первого саммита «Центральная Азия – Республика Корея» состоялась церемония подписания Меморандума о взаимопонимании между Евразийским национальным университетом имени Л.Н. Гумилева и Советом по аккредитации инженерного образования Кореи (Accreditation Board forEngineering Education of Korea, ABEEK). В ходе церемонии Председатель правления -ректор ЕНУ Ерлан Сыдыков и Президент ABEEK У Сын Ким подписали Меморандум о взаимопонимании, открыв новый этап сотрудничества между сторонами. Документ направлен на развитие взаимовыгодного взаимодействия в области инженерного и IT-образования, международной аккредитации образовательных программ, обмена профессиональным опытом и обеспечения качества высшего образования. 🔗 Подробнее: gov.kz