🇰🇿🇰🇷 Қазақстан мен Корея ғылым, жоғары білім және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты нығайтады 15 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақ-корей дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша ғылым, жоғары білім, жасанды интеллект және жоғары технологиялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды келісімдер топтамасы рәсімделді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан ведомствоаралық, мекемеаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты қамтитын 40-тан астам құжатқа қол қойылды. Қол жеткізілген келісімдер бірлескен зерттеулерді дамытуға, технологиялық ынтымақтастықты нығайтуға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға және екі елдің академиялық байланыстарын кеңейтуге бағытталған. 🟠Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласындағы бірлескен жұмыс. Satbayev University базасында «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, Кореяның Өнеркәсіптік технологиялар институты (KITECH) жанындағы Сирек металдар жөніндегі ұлттық институты (KORAM) және екі елдің бейінді ұйымдарының қатысуымен Технологиялық ынтымақтастық орталығын құру жоспарланған. 🟠Жасанды интеллект және жоғары технологиялық салалар үшін кадрлар даярлау бағытындағы өзара іс-қимыл да жаңа деңгейге көтеріліп келеді. А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Dong-Eui университетінің ынтымақтастығы аясында автомобиль өнеркәсібі саласында бірлескен жасанды интеллект зертханасы құрылмақ. 🟠Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – KAIST Kazakhstan жобасы. Кездесу қорытындысы бойынша университетті Кореяның жетекші зерттеу университеті KAIST моделіне сәйкес дамытуға бағытталған құжатқа қол қойылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇰🇷 Казахстан и Корея укрепляют сотрудничество в науке, высшем образовании и искусственном интеллекте 15 сентября в рамках государственного визита Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в Республику Корея состоялся Казахско-корейский круглый стол, по итогам которого оформлен пакет значимых двусторонних договоренностей в сфере науки, высшего образования, искусственного интеллекта и высоких технологий. По линии Министерства науки и высшего образования РК подписано более 40 межведомственных, межинституциональных и межвузовских документов. Достигнутые договоренности направлены на развитие совместных исследований, технологического сотрудничества, подготовку востребованных специалистов и расширение академических связей между двумя странами. ✔️Одним из ключевых направлений стало сотрудничество в области редких и редкоземельных металлов. На базе Satbayev University при участии АО «Институт металлургии и обогащения», Корейского национального института редких металлов (KORAM) при Корейском институте промышленных технологий (KITECH) и профильных организаций двух стран предусмотрено создание Центра технологического сотрудничества. ✔️Продолжается развитие взаимодействия в сфере искусственного интеллекта и подготовки кадров для высокотехнологичных отраслей. В рамках сотрудничества Костанайского регионального университета имени А. Байтұрсынұлы и Университета Dong-Eui предусмотрено создание совместной лаборатории ИИ в сфере автомобильной промышленности. ✔️Особое место в повестке двустороннего сотрудничества занимает проект KAIST Kazakhstan. По итогам встречи подписан документ, предусматривающий развитие университета по модели KAIST – ведущего корейского исследовательского университета. 🔗 Подробнее: gov.kz