ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from Aqorda 🇰🇿

Қасым-Жомарт Тоқаев адам капиталын дамытудың маңызына баса мән берді 🟦Оның айтуынша, Қазақстан мен Корея университеттері 230-дан аса келісім жасасып, академиялық байланысты кеңейте түсті. 🟦Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында инвестициялық серіктестікке мүмкіндік мол деп санайды. Әсіресе, медициналық инфрақұрылым, фармацевтика, биотехнология және медициналық құрылғы өндірісі басым бағыттар ретінде аталды. 🟦Президент сөз соңында ондаған жылдар бұрын Корея экономиканың басты салалары бойынша әлемде көш бастап, соны серпіліс жасағанына назар аударды. – Қазір Қазақстан түбегейлі экономикалық жаңғыру кезеңіне қадам басты. Жаңа салаларды, технологияны, зерттеу әлеуеті мен адам капиталын дамытуға күш салып жатырмыз. Бүгінгі кездесу және қол қойылған келісімдер анағұрлым ауқымды серіктестікке тың серпін береді деп сенемін. Корея бизнесін Қазақстанға белсенді инвестиция құюға шақырамын. Қазақстан Үкіметі Корея кәсіпкерлерінің еліміздегі әрбір пайдалы бастамасына жан-жақты қолдау көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi

Views over time

020040060015 Sep 09:5112 Nov 09:1761415 Sep 09:51: 0 views12 Nov 09:17: 614 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
15 Sep 2026, 09:510
12 Nov 2026, 09:17614

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.