ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from Sayasat Nurbek

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ 📄 «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының иегерлері жарияланды. Республикалық комиссияның шешімімен 184 Қазақстан азаматы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды: 137 азамат магистратурада, 10 азамат докторантурада білім алады, ал 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, 51 қазақстандық ғалымға әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. ✅ Біз үшін «Болашақ» - шетелде білім алуға мүмкіндік беретін бағдарлама ғана емес. Бұл - адам капиталына және Қазақстан экономикасының болашағына салынған инвестиция. ⚜️ Біздің міндетіміз - елге озық білім мен құзыреттер аса қажет бағыттар бойынша мамандар даярлау. Атап айтқанда, атом өнеркәсібі, медицина, инженерия, жасанды интеллект, жаңа материалдар, энергетика, биотехнология және басқа да жоғары технологиялық салалар. 🔬 Мамандарымыздың елге жай ғана дипломмен емес, жаңа біліммен, технологиялармен және халықаралық тәжірибемен оралғаны маңызды. Олар бұл білімді Қазақстанның дамуына бағыттап, жаңа өндірістер құрып, озық технологияларды енгізіп, болашақтың жаңа салаларын қалыптастыруы керек. 📌 Бізге шетелдік университеттердің жай ғана түлектері емес, Қазақстанның технологиялық және экономикалық дамуына үлес қоса алатын білікті кадрлар қажет. Барлық стипендия иегерлерін құттықтаймын! Оқуларыңызға сәттілік, жарқын жаңалықтар, мықты кәсіби байланыстар тілеймін. Ең бастысы - жаңа білім мен идеяларды ел игілігіне жарату үшін Қазақстанға аман-есен оралыңыздар!

Views over time

02K4K27 Aug 05:0312 Nov 09:173.9K27 Aug 05:03: 0 views12 Nov 09:17: 3,860 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
27 Aug 2026, 05:030
12 Nov 2026, 09:173.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.