ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

💬Семейде ядролық қауіпсіздік, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне арналған WINCA жыл сайынғы форумы өтті Өткен аптада Семей қаласында WINCA — «Семей форумы: ядролық қауіпсіздікті дамыту, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және өңірлік ынтымақтастық» атты жыл сайынғы кездесу өтті. Форумның панельдік сессиясында ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінен Стратегиялық жоспарлаудепартаментінің директоры Айбек Қабылдин«Қазақстанның атом саласын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы» тақырыбында сөз сөйледі. Форум сарапшылар, мемлекеттік органдар, академиялық қоғамдастық өкілдері, студенттер мен жасмамандар арасында ядролық қауіпсіздік, ядролық ғылыммен технологияларды бейбіт қолдану, кадрлық әлеуетті дамыту, өңірлік ынтымақтастық және ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық нормаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасу үшін өңірлік алаң ретінде ұйымдастырылды. Форумды миддлбери халықаралық зерттеулер институты жанындағы Джеймс Мартин атындағы Ядролық қаруды таратпау саласындағы зерттеулер орталығы (CNS) «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығымен және«Шәкәрім университеті» КЕАҚ-мен серіктестікте өткізді. Бағдарлама сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығына және бұрынғы Семей сынақ полигонына техникалық сапарды қамтыды.

Views over time

010020030 Sep 06:5812 Nov 09:0021030 Sep 06:58: 0 views12 Nov 09:00: 210 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
30 Sep 2026, 06:580
12 Nov 2026, 09:00210

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.