ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

🇰🇿Қазақстан Республикасының Үкіметі атом саласына 2027–2031 жылдарға арналған кадрлар даярлау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадр даярлаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған кешенді жоспарын (№835) (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітті. Кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігімен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының кадрлар даярлау бойынша тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді. Құжат атом саласы үшін халықаралық талаптарға сәйкес кадрларды кезең-кезеңімен дайындауды қарастырады. Кешенді жоспар кадрлық әлеуетті дамытудың негізгі бағыттарын қамтиды: институционалдық және нормативтік базаны қалыптастыру, білікті кәсіби кадрларды дайындау, кадрларды дайындауды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Құжатты іске асыру атом саласы үшін халықаралық талаптарға сәйкес кадрларды дайындау жүйесін қалыптастыруға, саланы білікті мамандармен қамтамасыз етуге және ұлттық құзыреттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Views over time

010020029 Sep 11:3512 Nov 09:0021829 Sep 11:35: 0 views12 Nov 09:00: 218 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
29 Sep 2026, 11:350
12 Nov 2026, 09:00218

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.