👆Бүгінгі «Атом маманы» айдарының кейіпкері — Нұржанов Ерлан Бахтыбекұлы Ол Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Техникалық физика» мамандығы бойынша, ядролық энергетикалық қондырғылар мен жабдықтар бағыты бойынша білім алған. Кейін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Физика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Ерлан Бахтыбекұлы атом саласында 13 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Кәсіби жолын Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтында бастап, «Байкал-1» зерттеу реакторлар кешенінде және ИВГ.1М зерттеу реакторында жұмыс істеді. Реакторларды пайдалану, жаңғырту және халықаралық жобаларға қатысу барысында мол тәжірибе жинақтады. Бүгінде ол Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде атом энергетикасын дамыту мәселелерімен айналысады. Оның кәсіби жолы — білім мен тәжірибені ұштастырып, зерттеу реакторындағы практикалық жұмыстан елдің атом энергетикасын дамытуға бағытталған қызметке дейінгі еңбек жолы.
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
Subscribers
759
+0 24h
Reach per post (ERR)
33.9%257 avg views
Posting
1.7/day
last 2 days ago
Reactions per 1K views
6.3
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 28 Sep 2026, 10:35 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:00 | 233 |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.