ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

✔️Астанада «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының базасында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ұйымдастыруымен «Болашақ атомы» атом ғылымы мен технологиялары бойынша халықаралық конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Атом саласы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты – Қазақстанның атом саласының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін, кадр даярлау және сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мен коммерцияландыру бағыттарын талқылау болды. Іс-шарада Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының, Ядролық физика институтының, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері баяндама жасап, атом саласының өзекті мәселелері мен даму перспективалары жөнінде пікірлерімен бөлісті. «Қазақстанның бүгінгі атом саласы» тақырыптық блогы аясында қатысушылар атом саласы үшін кадр даярлау, ғылыми зерттеулер мен перспективалық энергетикалық технологияларды дамыту, ғылыми әзірлемелерді енгізу және коммерцияландыру, отандық ғылыми ұйымдардың қызметі, сондай-ақ уран саласының өндірістік тізбегі мен сұранысқа ие құзыреттер мәселелерін қарастырды. Конференция барысында сарапшылар мен қатысушылар арасындағы ашық диалогқа ерекше назар аударылды. «Қазақстанның атом саласын кім қалыптастырады?» атты пікірталас барысында саланы одан әрі дамытудағы кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. «Атом саласының маманына сұрақ қой» ашық микрофоны аясында қатысушылар сала өкілдері мен мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік алды. Конференция қорытындысы бойынша атом ғылымы мен технологияларын дамытудың өзекті бағыттары айқындалып, Қазақстанның атом саласының кадрлық және ғылыми-технологиялық әлеуетін қалыптастыруда мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сала кәсіпорындары мен жас мамандар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Views over time

010020030028 Sep 09:2612 Nov 09:0025928 Sep 09:26: 0 views12 Nov 09:00: 259 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
28 Sep 2026, 09:260
12 Nov 2026, 09:00259

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.