ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

🖋Құрметті атом саласының ардагерлері, қадірлі әріптестер! Сіздерді Қазақстанның атом саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл кәсіби мереке жоғары біліктілікті, жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін маңызды саланың мамандарын біріктіреді. Ондаған жыл бойы атом саласының мамандары кәсіби мектеп қалыптастырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, отандық ғылымның, өнеркәсіптің және ядролық технологиялардың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бүгінде Қазақстанның атом саласы дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еліміз атом энергетикасы саласындағы ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға кірісті. Биыл Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылып, құрылыс жұмыстарын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр. Бұл – еліміздің энергетика саласы үшін маңызды қадам. Жобаны іске асыру энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, сенімді әрі төмен көміртекті энергиямен қамтамасыз етуге және Қазақстанның технологиялық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Атом энергетикасын дамыту – бір ғана нысанның құрылысы емес. Бұл – жаңа технологиялар мен құзыреттерді игеру, отандық өндіріс пен ғылымды дамыту, жоғары білікті мамандар даярлау, жаңа жұмыс орындарын құру және заманауи инженерлік мектепті қалыптастыру. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда адам капиталының маңызы зор. Мамандардың кәсібилігі, білімі мен жауапкершілігі – атом саласының қауіпсіз әрі тұрақты дамуының басты негізі. Осы ретте атом саласының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Сіздердің көпжылдық еңбектеріңіз Қазақстанның атом өнеркәсібінің берік негізін қалады. Қалыптастырған дәстүрлеріңіз, жинақтаған тәжірибелеріңіз бен кәсіби білімдеріңіз бүгінгі және кейінгі буын мамандары үшін маңызды бағдар болып қала береді. Алдағы кезеңде атом саласының алдында ауқымды міндеттер тұр. Оларды жүзеге асыруда мамандарымыздың жоғары кәсібилігі, ұрпақтар сабақтастығы және отандық ғылыми-техникалық әлеуеттің мүмкіндіктері маңызды рөл атқарады деп сенемін. Барша атом саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және жаңа жетістіктер тілеймін! Еңбектеріңіз ел игілігіне, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен технологиялық дамуына қызмет ете берсін! ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев

Views over time

010020030028 Sep 03:4512 Nov 09:0025628 Sep 03:45: 0 views12 Nov 09:00: 256 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
28 Sep 2026, 03:450
12 Nov 2026, 09:00256

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.