ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

✔️Астанада АЭС жобалау және қауіпсіздігін бағалау кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша АЭХА ұлттық семинары өтуде 2026 жылғы 5–9 қазан аралығында Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) жобалау және қауіпсіздікті бағалау кезіндегі қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыруға арналған ұлттық семинары өтуде. Іс-шараға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-нің, Ядролық физика институтының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының, сондай-ақ Atomic Industry Development Association (AIDA) қауымдастығының өкілдері қатысуда. Іс-шара Қазақстанда АЭС жобасын іске асыруға дайындыққа байланысты мәселелерге арналған. Бес күнге жоспарланған семинар бағдарламасы АЭС жобасына қатысты негізгі кіріспе ережелерді, жобалау кезіндегі қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ қауіпсіздікті бағалау бойынша практикалық сессияларды қамтиды. АЭХА-ның қауіпсіздік жөніндегі халықаралық тәсілдері мен стандарттарын талқылау АЭС жобасына қойылатын талаптар мен реттеуші органның оның қауіпсіздігін бағалау кезіндегі міндеттері туралы ортақ түсінік қалыптастыруға бағытталған. Семинарды өткізу кәсіби тәжірибе алмасуға және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті реттеу саласындағы ұлттық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.

Views over time

01002003006 Oct 06:0412 Nov 09:002386 Oct 06:04: 0 views12 Nov 09:00: 238 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
6 Oct 2026, 06:040
12 Nov 2026, 09:00238

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.