АҚШ-тағы Конгресс сайлауында осы сәтке дейін демократтар сенаттан 54 орын алды және тағы екі бәсекеде жетістікке жетугі мүмкіндігі бар — республикашыл Аляска және Миссисипи штаттарында дауыс әлі саналып жатыр. Осы сайлауға дейін республикалықтар биліктің барлық тармағын толық бақылауда ұстап келді— президент, Конгрестің қос палатасы және судьялардың басым бөлігін консерваторлар құраған Жоғарғы сот. Биыл демократ кандидаттар сайлау кампаниясы барысында басымдық алған бәсекенің барлығында, тіпті бір ай бұрын олар жеңіске жетеді деп ешкім ойламаған жерде де жеңіске жетті.