Алматы халқының 81 пайызы мегаполисте ауаның ластануын денсаулыққа қауіпті деп санайды, әр төртінші тұрғын осы себепке байланысты басқа жерге көшуді ойлайды. Алматылықтардың ауаның ластануына қалай қарайтынын үш жылдан бері өлшеп келе жатқан Almaty Air Initiative қоры осындай мәлімет келтірді. Десе де ауа мәселесіне қатысты эмоция мен нақты іс-әрекеттің арасы тым алшақ. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі проблемаға эмоция білдіреді, бұл шама бойынша көрсеткіш — 70,3 балл. Ал әрекет етуге дайын адамдар үлесі — 16,8 балл. Десе де зерттеушілер бұл қала тұрғындарының енжарлығын білдірмейді деп отыр. Көбіне проблеманы шешуге қатысу механизмі түсініксіз және әрекетінен нәтиже шығатынына сенімсіз болғандықтан қатыспауы мүмкін. Ауаны қауіпті санайтын алматылықтар неліктен әрекет етуге дайын емес - толығырақ «Власть» мақаласында.