Алматыда орта деңгейдегі жөндеу жұмыстары көп жағдайда төсемді және жиектасты жаңартумен шектеледі. Тіпті толық реконструкция жасалған күннің өзінде, жайлылық пен қауіпсіздікті жақсартатын мүмкіндіктер кеңінен қолданылмайды. Ақырында көшелердің сырт келбеті ғана жаңарып, апат тудыру, ыңғайсыз өткел, аялдама, велосипедке арналған инфрақұрылым және ретсіз автотұрақ мәселесі шешілмеген күйі қала береді. Урбанист Ринат Сабиров, сәулетшілер Давид Камински және Әділжан Псяев осы проблемаға кеңірек тоқталды.