Қазақстанда «бұрын-соңды болмаған инфрақұрылымдық жаңғыру жоспары» әзірленіп, оған 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінбек. Бұл туралы сәрсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа жолдауында айтты және ауқымды бастаманы «Халықтық құрылыс» деп атауды ұсынды. Қоғам жаңалықтарына тоқталсақ, бұл аптада журналистердің біріне полиция келіп, енді бірінің әлеуметтік желідегі парақшасы бұғатталды. Ал белсенді Санжар Боқаев сотында «ҚазТрансГаз» компаниясының бұрынғы қызметкерлері сұралып жатыр. Осы және өзге де маңызды жаңалықтар «Власть» апта шолуында.