Қазақстан экономикасы мемлекетке мұнайдан түскен табыс есебінен уақыт ұтуға мүмкіндік беретін шикізат рентасына сүйенуін жалғастырып келеді. Экономист Рахымбек Әбдірахмановтың пікірінше, бұл үлгі шегіне жетіп тұр: ол өнімділігі жоғары орнықты орта тап қалыптастырмайды, теңсіздікті қолдайды және қоғамның көп бөлігін өмірлік маңызы бар мүмкіндіктен айырады. Қыркүйек айында Әбдірахмановтың «Не проиграть будущее. Как технологии создают средний класс и меняют государства» деген кітабы жарық көрді. Онда автор Қазақстанға болашақта экономиканы технологиялық өндіріс есебінен күшейтуге және жемқорлықпен күресуге құрылған балама сценарий ұсынады. Бірақ мұндай бетбұрыс инвестиция мен өнеркәсіп саясатын ғана емес, елді басқарудың қазір қалыптасқан жүйесін де қайта қарауды қажет етеді. «Власть» Рахымбек Әбдірахмановпен осы тақырыпта сұхбаттасты.