Власть - Новости Казахстана

@vlastkz · news · Russian · active

Subscribers 25.5K Subscribers, last 30 days: 25.5K → 25.5K +0 24h
Reach per post (ERR) 12.4%3.2K avg views
Posting 7.1/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 14.9 🤡 👍 ❤

Өткен аптада «Твардовский дом» жануарлар панажайының негізін қалаушы Владимир Тепляков кісі қолынан қаза тапты. Оның денесі панажай аумағынан табылды. Владимирдің қазасынан кейін 90-ға жуық ит қараусыз қалды. Тепляков ұзақ жыл бойы иттерге қамқор болып, күтім жасап келген. Енді әр итке жаңа баспана табу керек. Жұма күні Владимирді жер қойнауына тапсырып, демалыс күндері еріктілер, басқа да панажайлардың қызметкерлері және жанашыр тұрғындар жануарларға көмектесу үшін «Твардовский дом» панажайына барды. Бірер күн өтер-өтпестен пана аумағында қалған барлық ит қауіпсіз жерге көшірілді. Соңғы күндері еріктілер көз ілмей жұмыс істеді: иттер мен олардың үйшіктерін тиеді, көлік тапты, адам іздеді, иттерге жаңа орын қарастырды. Қазір иттер қауіпсіз, тиісті күтім көретін уақытша орында. Дегенмен, әлі де 50-ге жуық итке жаңа баспана керек.

Views over time

01K2K3K4K13 Oct 06:2610 Nov 19:553.5K13 Oct 06:26: 0 views10 Nov 19:55: 3,490 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
13 Oct 2026, 06:260
10 Nov 2026, 19:553.5K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.