Власть - Новости Казахстана

@vlastkz · news · Russian · active

Subscribers 25.5K Subscribers, last 30 days: 25.5K → 25.5K +0 24h
Reach per post (ERR) 12.4%3.2K avg views
Posting 7.1/day last 10 hours ago
Reactions per 1K views 14.9 🤡 👍 ❤

Риддерде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көпбалалы және әлеуметтік жағдайы осал отбасыларға арнап үйлер салынып жатыр. Аталмыш бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізгендер өз кезегін 10-20 жылдап күткен. Бірақ енді тұрғындар балаларымен бірге едені суық, сыз иісі шығатын және зең басқан үйде тұруға мәжбүр болып отырғанын айтады. «Алаша төсейміз, таңертең сыз тартып тұрады. Суық мезгілде жағдай қалай болатынын әзір білмейміз, жаңбыр мен жел кезін көрдік. Таңертең ауа ауыр болып тұрады, күні бойы терезелерді ашып қоямыз. Бала азынақ бөлмеде ойнайды», — дейді Надежда Троеглазова. Ол балалар үйінде өсіп, кейін көпбалалы ана ретінде баспана алу кезегінде 22 жыл тұрған. Тұрғындардың көбі баспананы биыл көктемде немесе жазда алды, сондықтан бұл үйлер қыс қаһарына қалай төтеп беретінін білмейді. Ал осы үйлерді жекеменшік құрылыс салушылардан сатып алған әкімдік тұрғындардан айтарлықтай ескерту алған жоқпыз, үйлердің конструкциясынан проблема тапқан жоқпыз деп отыр. Репортаж

Views over time

01K2K3K8 Oct 06:3010 Nov 19:552.9K8 Oct 06:30: 0 views10 Nov 19:55: 2,880 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
8 Oct 2026, 06:300
10 Nov 2026, 19:552.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.