Власть - Новости Казахстана

@vlastkz · news · Russian · active

Subscribers 25.5K Subscribers, last 30 days: 25.5K → 25.5K +0 24h
Reach per post (ERR) 12.4%3.2K avg views
Posting 7.1/day last 11 hours ago
Reactions per 1K views 14.9 🤡 👍 ❤

Қазір Алматыда жусан мен ойраншөп гүлдеп жатыр және көп тұрғында осы өсімдіктердің тозаңына аллергия бар. Осыдан бір жыл бұрын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аумағына Burkard тозаң тұтқышы қойылған. Ғалымдар арамшөп, ағаш, дәнді дақыл тозаңдарын және микроскопиялық саңырауқұлақтардың спораларын бақылауға алған. Былтыр жусан, ойраншөп, қайың, қарағаш тозаңдары мен Cladosporium споралары ең көп тараған еді. Биыл да жусан көш бастап тұр, ал ойраншөп одан қалысар емес: «Көрсеткіштер өршігенін көріп тұрмыз — ойраншөп сәйкес кезеңмен салыстырғанда 389 пайызға өскен. Жусанда — 59%», — дейді профессор Қайсар Табынов. Былтыр жусанның ең көп шоғырлануы қыркүйектің екінші жартысында болды. Биыл тозаңдану маусымы шамамен екі аптаға кешігіп басталды. Бұл материалда ойраншөппен қалай күресуге болатыны және қазақстандық ғалымдардың жусан аллергиясына қарсы вакцина жасау жолдары туралы айтылады.

Views over time

01K2K3K2 Oct 07:1410 Nov 19:553.1K2 Oct 07:14: 0 views10 Nov 19:55: 3,100 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
2 Oct 2026, 07:140
10 Nov 2026, 19:553.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.