Власть - Новости Казахстана

@vlastkz · news · Russian · active

Subscribers 25.5K Subscribers, last 30 days: 25.5K → 25.5K +0 24h
Reach per post (ERR) 12.4%3.2K avg views
Posting 7.1/day last 15 hours ago
Reactions per 1K views 14.9 🤡 👍 ❤

Қазақстанда өнеркәсіп саясатын қайта қарау қажет пе? Өткен аптада Алматыдағы «Парасат» бизнес клубында сарапшылар Қазақстанның өнеркәсіп саясатын талқыға салды. Саясаттанушы Досым Сәтбаев осыған дейін Қазақстанда өткізу нарығын түсінбей жатып жаңа зауыт салуды өнеркәсіп саясаты деп қабылдау қателік болды дейді. «Бізде алдымен лента қиылатын, содан кейін ол зауыттың тағдыры түсініксіз болып қалатын. Өткізу нарығы да, тұрақты өндіріс те болмайтын», — деді Сәтбаев. Талқыға қатысушылар экономиканы дамытуға кедергі болып отырған басты нәрсе — шикізатқа арқа сүйеу дегеннен гөрі, институттардың әлсіз болуы мен нәтижеге жауап беретін арнайы өкілеттілігі бар ведомствоның болмауы деген пікірге келісті. «Біздің экономика тұрғысынан артта қалғанымызға ресурстар кінәлі деген түсінік — жаңсақ. Бұл ішімдікке құмарлықты еңбекақының жоғары болуына сілтеумен бірдей. Шын мәнінде институттар кінәлі», — деді экономист Рахымбек Әбдірахманов.

Views over time

01K2K3K16 Sep 07:0310 Nov 19:552.8K16 Sep 07:03: 0 views10 Nov 19:55: 2,830 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
16 Sep 2026, 07:030
10 Nov 2026, 19:552.8K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.