10 қыркүйек күні отандық кинотеатрларға «Бүркітші» детективі жол тартты. Фильм классикалық детектив жанрында басталады. Тау бөктерінде орналасқан, тасадағы ауылдың бірінде жартас түбінен жас қыздың мәйіті табылады. Жергілікті полиция мұны «өзіне қол жұмсау» деп шешіп, істі жаппақ болады. Алматыдан марқұмның тәтесі — жедел уәкіл Әлия (Зарина Кәрмен) келген соң бәрі өзгереді. Ауылдың түйінделген сырын ашуға оған жергілікті аңшы, бүркітші Талғат (Берік Айтжанов) көмектеседі. Оның да бұл шындыққа ұмтылуына өзіндік себебі бар: осы ауылда бір жыл бұрын қызы із-түзсіз жоғалып кеткен (денесі әлі күнге дейін табылмаған). ірте-бірте бұл екі қайғылы оқиға бір желіге тоғысып, ортақ оқиғаға айналады. Детектив сәтті шықты ма - Ғалия Байжанованың рецензиясынан оқыңыз.