Қазақстанда еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласында тіркелген тәртіп бұзудың 38%-ы ғана құқықтық әрекетке ұласқан. Мұндай істердің басым бөлігі экологиялық айыппұл салумен және тексеру жүргізумен шектелген. 2025 жылы билік тау-кен компанияларына қарсы бірде-бір сот талабын қозғаған жоқ және бірде-бір сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттемеген. Бизнес және адам құқықтары жөніндегі орталық (БАҚЖО) жаңа есебінде Қазақстан тәртіп бұзу саны ең көп әрі жауапкершілігі ең төмен елдердің қатарында деп отыр.